Алғы сөз

 

Жоғары молекулалы қосылыстардың химиясы ғылымы қазіргі кезде қарқынды дамуда. Жаңа физикалық әдістерді кең түрде пайдаланудың нәтижесінде күрделі қоспаларды бөлу, құрылымын анықтау, полимерлі қосылыстардың алынуын, оларды түрлендіруді зерттеу арқылы полимер химиясының дамуына әсер етуде.

Халық шаруашылығының аса маңызды салаларын дамытуда теория жүзінде негіз жасайды,  мұнай - химиялық синтез, полимерлі материалдар, медицинаға және ауыл шаруашылығына арналған препараттар, тамақ, парфюмерия өндірістері және т.б.

Курстың міндеті – полимерлі заттың химиялық, физикалық ерекшеліктері жөнінде теориялық мағлұматтар беру және әртүрлі полимерлер алу, химиялық түрлендіру, олардың құрылымы мен физика-химиялық қасиеттерін зерттеуді жүзеге асыра алатындай практикалық тәжірибеге үйрету. Сондай-ақ, алынған білімдерінің көмегімен берілген мәселелерді шешуге дағылану; студенттерге  органикалық қосылыстардың құрылымы мен қасиеттерін зерттейтін барлық заңдар мен заңдылықтарды түсіндіру; студенттердің химиялық сауаттылығын арттыру, ғылыми ой-өрісінің дамуына ықпал ету; студенттердің өз бетінше ғылыми білім деңгейін көркейтуге үйрету.

“Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы” пәнін оқу нәтижесінде студенттер келесі ұғымдарды білулері қажет: жоғары молекулалы қосылыстардың ерекшеліктері, олардың ерекше дене және биологиялық мағынасына байланысты практикада қолданылуы; полимерлі денелердің құрылысы және негізгі физикалық қасиеттері, полимерлерді алудың негізгі әдістері, полимерлерді зерттеудің соңғы жетістіктері, полимерлі денелерді өндірісте алу және өңдеу технологияларының негіздері.

Студенттер алған теориялық білімдерін келесі жағдайларда қолдана білуі керек: полимерлерді әртүрлі әдістермен синтездегенде қойылған практикалық талапты шешу; макромолекуланың құрылысын зерттегенде соңғы жетістіктерді экспериментті әдістерді қолдана білу; полимерлердің молекулалық- массалық мінездемелерін, физика-химиялық қасиеттерін зерттеу; полимерлерді өндірісте алу және өңдеу технологиясы жөнінде алған практикалық білімдерін пайдалану білу болып табылады.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау әрбір орындалатын лабораториялық жұмыс бойынша теориялық бөлімді, жұмысты орындау тәртібі, қажетті құрал-жаюдықтардың схемасын, студенттің өз бетінше дайындық бақылау сұрақтары мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды және әдістемелік нұсқауға 11 лабораториялық жұмыс енген.

 

Лабораториялық жұмыс № 1

 

Сұйық пластификаторды және смоланы анықтау

 

Теориялық бөлім. Пластификация, полимерлерге пластификатор – полимермен шектеусіз және біртіндеп араласуға қабілетті төмен молекулалы қосылстарды ендіру арқылы жүргізіледі. Пластификаторлар кәдімгі еріткіштерден өзгешеленбейді. Полимерлерді өңдеу және эксплуатациялау кезінде, пластификациялауда алынған қасиеттер жоғалып кетпес үшін, ұшқыш емес жоғары температурада қайнайтын заттар қосады. Пластификаторлар, полимерлермен шынайы ерітінділер түзе отырып жақсы сәйкес келуі тиіс, полимерде ұзақ уақыт берік ұсталуы қажет.

Пластификаторды ендіру үшін, өндірісте әртүрлі араластырғыштар қолданылады, бұл кезде полимер пластификаторды еріте отырып ісінеді. Пластификатор мөлшері, олардың өзара ерігіштігімен шектеледі.

Полимердің пластификаторда ісінуі кезінде, пластификатордің кіші молекулалары полимерде диффузияланып, макромолекуланы жылжытады, оларды мономолекулярлы қабатпен қоршап, полярлы топтармен экрандайды.

Пластификатор майлағыш (смазка) секілді әсер етеді, яғни макромолекулалардың өзара араласуын және деформациялаушы күштердің әсерінен полимердің ағуын жылдамдатады. Сондықтан пластификатор  полимердің пластикалығын және аққыштығын ұлғайтады.

Иілгіш және жоғарғы эластикалық денелер үшін пластификаторлардың ролі, төмен температурада осы қасиеттерін жоғарылату және сақтауға негізделген. Пластификация кезінде, пластификатордың шынылану температурасы айтарлықтай роль атқарады.

Пластификатор шектелген немесе полимермен сәйкес келмейтін жағдайларда, пластификатор молекулалары, жеке макромолекула аралығында емес, пластификация кезінде бұзылмайтын қорап (пачка) аралығында орналасады, бұл кезде қораптардың қозғалғыштығы және иілгіштігі артады. Осыған сәйкес, П.В.Козлов пластификация порцеслін молекулалық және құрылымдық деп бөледі.

Пластификаторды кристалды полимерге ендіру, олардың шынылану температурасын төмендетеді, және кейде кристалды полимерлердің модификациялануы негізінде пластификаторлардың механикалық қасиеттерін төмендетеді.

Ішкі пластификация. Ішкі пластификация кезінде айналудың  потенциалды барьерін өзгертуге және макромолекула арасындағы тартылуды әлсіретеді, ол полимердің химиялық құрылымынң өзгеруі арқылы жүреді. Осы мақсатта макромолекуланың активті топтарын активтілігі аздармен алмастырады немесе полимерді алу негізінде оның құрылысын өзгертеді.

Сополимерлеу кезінде, макромолекулада полярлы топтардың орналасу реттілігінің бұзылуы нәтижесінде, ішкі молекулалық және молекулааралық әрекеттесу әлсірейді, ол олардың тартылу мүмкіндігін баяулатады. Макромолекула симметриялылығын бұзады, кристалдануы қиындатады және тізбектің иілгіштігін арттырады.

Полимерлер-пластиклық массаның  негізгі бөлігі болып табылады, олар  басқа компоненттерді бір бүтінге байланыстырып және материалдарға ерекше қасиет береді. Ол полимерлі байланыстырғыш зат  болады. Пластмассаның құрамына байланыстырғыштардан басқа  толықтырғыштар, пластификаторлар, стаблизаторлар, қатырғыштар, майлағыш заттар, бояғыштар, кеуек түзгіштер және басқада қоспалар кіреді.

            Полимерлердің қолдану аясының  әр түрлігіне және өңдеу әдістеріне байланысты кең  температура аралығында  өзінің қасиетін сақтайтын  эластикалық материалдар алуға мүмкіндік береді. Осыны арнайы зат – пластификаторлар қосу нәтижесінде жүзеге асыруға болады.

            Пластификаторды қосқан кезде полимердің эластикалығы артуымен қатар, басқада қасиеті жақсарады. Мысалы: суыққа төзімділігі, отқа төзімділігі және ультрафиолеті сәулердің әсеріне тұрақтылығы.

            Пластификаторлар полимерлермен сәйкес келу керек және химиялық тұрақты, сондай-ақ ұшқыштығы аз болу керек. Химиялық қосылыстардың ішінде пластификаторлар ретінде  көп қолданылатындары әртүрлі қышқылдардың  күрделі эфирлері және төмен молекулалы полиэфирлер. Сәйкес полимерді, толықтырғыштарды және пластификаторларды таңдай отырып қасиеті әр түрлі пластмассалар алады.

 

Жұмыстың орындалуы.

 

Аппаратуралар және реактивтер.

Шыны пикнометр, сыйымдылығы 50 немесе 100 мл.

Воронка (воронканың ұшы пикнометрді салғанда белгіге дейін тиіп тұруы тиіс).

Конусты колба 500 мл.

Шыны сынапты термометр.

Термостат, 20 ± 0,1°С температурасын қамтамасыз етуі тиіс.

Аналититкалық таразы.

Дистилденген су.

Техникалық этил спирті.

Этил эфирі.

Сүзгі қағазы.

 

Зерттелетін затты дайындау.                    

300 мл-ден сұйық смола немесе пластификаторды конусты колбаға салады, тығыздап жауып, термостатта 20± 0,1°С температурада 2 сағат ұстайды.

Жұмысты жүргізу. Кептірілген (құрғақ) пикнометрді 0,0002 г дәлдікпен өлшеп, воронка арқылы дистилденген суды белгіден сәл жоғары етіп өлшеп құяды. Аузы пикнометрді 20 минуттай 20±0,1°С температурада термостатта ұстайды. Осы температурада пикнометрді судың деңгейін қадағалап тұру керек, судың артық мөлшерін сүзгі қағазды түтік етіп орап алып отырады. Аузы жабық пикнометрді термостатта тағы 10 минут деңгейін бақылап ұстайды.

Судың деңгейі тура белгіден аспаған пикнометрді сыртынан жұмсақ матамен құрғақ етіп сүртіп, этил спиртімен және этил эфирімен шайып, пикнометрдегі этил эфирінің қалдықтарын үрлеп ауамен кептіріп тазалайды. Пикнометрді термошкафта кептірмеу керек. Кебу пикнометрге воронка арқылы зерттелетін смола немесе пластификаторды құяды, содан соң воронканы алған кезде ол пикнометрдің жақтауына тимеуі керек. Пикнометрдің аузын жақсылап тығындап термостатқа  20± 0,1°С -та 30 минуттай қояды. Зерттелетін смола немесе пластификатордың тығыздығын анықтаған кезде жоғары деңгейінен алады. Егер смола немесе пластификатордың деңгейі бірден жоғарыласа оны сүзгі қағазбен алып тастайды, ал төмендесе – зерттелетін заттан кішкене салады. Пикнометрді термостаттан алып, оны кептіріп жұмсақ матамен сүртеді және 0,0002 г дәлдікке дейін өлшейді.

Тығыздықты (Р20) мг/см3 –те мына теңдеумен есептейді:

 

р20 = m1 – m2/V + рa

 

Мұндағы, m1 – смола немесе пластификатор құйылған пикнометрдің жуықталған массасы, г;

m2 – бос пикнометрдің жуықталған массасы, г;

V – пикнометрдің көлемі, мл;

рa – ауаның тығыздығы, ол 0,0012 г/см3 тең, ауаның қысымына теңестірілген.

 

Пикнометрдің көлемі (V, см3) мына теңдеумен есептеледі:

V = m2 – m0/ pc – pa

Мұндағы, m0 – бос пикномтердің жуықталған салмағы, г;

m2 – сумен толтырылған пикнометрдің жуықталған салмағы, г;

pc – 20±0,1°С судың тығыздығ, 0,9982 г/см3 тең;

pa – ауаның тығыздығы, ол 0,0012 г/см3 тең, ауаның қысымына теңестірілген.

 

Қауіпсіздік техникасы

 

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын әдістемелік нұсқаудың соңындағы қауіпсіздік техникасының ережелерінен қара.

 

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Есептің титул бетіне жұмыстың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау тәртібі, зертханалық құрылғының схемасы, жұмысты орындаған студенттің аты-жөні, тобы, орындаған күні, алынған мәліметтерді өңдеу, қорытынды, бақылау сұрақтарына жауап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Жұмыс әдістемелік нұсқауда келтірілген ретпен рәсімделеді.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Жұмыстың мақсаты.

2. Тығыздықты анықтау әдісі.

3. Зерттелетін затты анықтау.

 

Әдебиеттер

Лосев И.П., Федотова О.Я. Практикум по химии высокомолекулярных соединений. М.: Госхимиздат, 1962 . -228 с.

Коршак В.В. Технология пластических масс. -М.: Химия, 1972.-615 с

 

Лабораториялық жұмыс № 2

 

Стиролдың (С8Н8) физикалық көрсеткіштерін анықтау

 

Жұмыстың мақсаты: Практикалық маңызы бар полимерлердің өкілдерімен танысу және полимерлер мен олардың мономерлерінің физикалық көрсеткіштерін анықтау

 

Теориялық бөлім. Молекулалық салмағына байланысты, химиялық қосылыстарды үш топқа бөлуге болады: төмен молекулалы, олигополимерлер және жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер. Біріншісіне, молекулалық салмағы 500-ге дейінгілер жатады, ал екіншісіне – қосылыстың әрбір тобына тән молекулалық массаның рет шамасын шартты түрде бейнелейді. Жоғары молекулалы қосылыстар -  тізбек түрінде кезектесіп жалғасқан бірдей атом топтарынан тұрады.

Макромолекуланың тізбекті құрылымы – төмен молекулалы қосылыстардан өзгешеленетін принципиальды жаңа қсиеттердің пайда болуына әкеледі.

Біріншіден, макромолекулалардың тізбекті құрылымы, молекулалар арасындағы байланысудың жоғары беріктілігін анықтайды және полимерлерге талшық- және пленка түзуші қасиеттер береді. Осының нәтижесінде полимерлерден талшық, мата және пленка материалдары алынады.

Екіншіден, басқа маңызды қасиеттердің бірі – иілгіштік пластикалық қасиеттерге ие, яғни аз әсерлердің салдарынан қайтымды үлкен деформацияларға қабілеттілігі. Мұндай қасиеттер транспорттардағы камера және шина дайындау үшін қолданылатын каучук және резиналарға тән.

Үшіншіден, макромолекуланың тізбекті құрылымы және жоғары размерлері, жоғары- және төмен молекулалы қосылыстар ерітінділерінің қасиеттері мен еру процестеріндегі айтарлықтай өзгешеліктердің болуының себептері болып табылады.

Полистирол (...СНС6Н5-СН2-СНС6Н5-СН2-...)n. Стиролды полимерлеу азот немесе көмірқышқылды газ атмосферасында блокты, эмульсиялы немесе суспензиялы тәсілдермен инициатор қатысында жүргізіледі, сондай-ақ, үздіксіз полимерлеу тәсілі де жасалынған. Техникалық өнімдердің молекулалық салмағы 50-300 мың аралығында болады.

Полистирол – түссіз, қатты шыны тәрізді зат, көрінетін спектрде 90%-ке дейін сәуле өткізеді, тығыздығы 1,05, 80-150º кезінде ол каучук тәрізді материал, ал 250-300º кезінде ол стирол және кейбір басқа өнімдер түзе отырып ыдырайды.

Полистирол немесе поливинилбензол бүйірінде ароматтык сақиналар болатын қаныққан полимерлі көмірсутектер. Стиролды этилен мен бензолдан алады. Реакцияның бірінші сатысында этилен мен бензолдан АІС13 катализаторының қатысуымен этилбензол алынады, ал екінші сатыда этилбензолды темір және магний тотықтарының қатысында қыздырып, стирол мен сутегін алады. Әдетте реакция 600° С шамасында өте тез жүреді.

             

Стирол радикалды, анионды, катионды және координациялық механизммен полимерлене алады. Өнеркәсіпте стиролды блок немесе суспензия әдісімен радикалды полимерлейді. Алынған полимер көбіне атактикалық конфигурацияда болады, сондықтан ол аморфты келеді. Әдетте полистирол түзу сызықты макромолекуладан тұрады және химиялық инертті. Қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар полистиролға онша әсер етпейді.

Ол жоғары температурада термиялык деполимерленуге ұшырайды, сонда бастапқы мономер мен басқа төмен молекулалық қосылыстар түзіледі. Полистирол көптеген органикалық еріткіштерде ериді. Ол тұрмыстық бұйымдар жасауға қолданылатын материалдардың ішіндегі ең көп тараған мөлдір және әртүрлі полимерлі түсті материал болу мүмкін. Суды мүлдем сіңірмейді, ыстыққа төзімсіздеу, 80°С-та жұмсара бастайды. Тағы бір кемшілігі - омырылғыш, одан жасалған бұйымдар соққыға төзімсіз.

Полистиролдан әртүрлі әрлеу материалдары жасалады. Оның плиталары асхана қабырғасына жабыстыруға, тоңазытқыш, жиһаздарды әшекейлеуге, радиоқабылдағыш пен теледидар қабырғаларын жасауға қолданылады.

Стирол сополимерлерінен алынған материалдардың физика-химиялық қасиеттері дағдылы стирол материалдарынан жоғары және ол соққыға аса шыдамды келеді.

Полистирол қабықшалары мен жіптері электротехникада изоляция ретінде және конденсатор даярлауға, орау материалдарын жасауға пайдаланады.

Полистирол суға, қышқыл және негіздерде тұрақтылығымен өзгешеленеді, ол ароматты көмірсутектерде ериді. Төмен дипольдық моментке, аз диэлектрлік өткізгіштікке ие болуына байланысты радиотехникада және басқа салаларда кең қолданылады. Полистиролдан блоктарды және пластиналарды механикалық өңдеуде, линза және электротехникалық бұйымдар жасауда қолданылады.

Эмульсиялы полистирол (ұнтақ) толтырғыштармен, бояғыштармен және пластификаторлармен оңай араласады.

Стирол. Стирол аз мөлшерде мұнай пиролизі өнімінің құрамында және тас көмір дегте  болады. Ол-шектелмеген  көмірсутек, жай жағдайда өзіне тән иісі бар  түссіз сұйық. Қайнау температрасы -142,20С, тығыздығы -0,9260г/см3 сыну көрсеткіші -1,2469тең.

Стиролды гомополимерді сондай-ақ әр түрлі сопополимерлер алу үшін қолданады. Ол жеңіп  метилметакрилотпен, будадиенмен сополимерленеді. Будадиенмен жоғары сапалы жасанды каучиктер дайындау үшін сополимер алады. Өндірістерде стиролды  катализаторлардың қатысуында этил бензолды дегидрирлеудің негізінде алады.

Стиролды қоспалардан жайлап ректификациямен бөліп алады.

Стирол алу үшін бастапқы  өнім этилбензолды өндірісте бензолдан және  этилмен сұйық фазалық әдіспен, катализаторлар ретінде үшхлористі алюминидің қатысуында алады.

С6Н6+СН2=СН2 С6Н5СН2СН3

           

Стирол бос радикалды механизм бойынша  да және ионды  механизм бойынша  да  полимеризациялана алады. Өндірісте ситролдың полимеризациясы ең бастысы блокта, эмульсияда және  суспензияда  жүзеге асырылады. Стиролдың кейбір туындыларын полимеризациялауда (хлостирол, метилстирол, винилтолуол) сондай-ақ стиролды сопополимеризациялауда, сол  мономерлермен қатар техникалық  бағалы өнімдер алады.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Стиролдың эмпирикалық формуласы – С8Н8. Молекулалық салмағы – 104. Түссіз мөлдір механикалық қоспасы жоқ сұйық, егер стабилизатор қосатын болса, әлсіз сары түске боялады. Тығыздығы; 0,908-0,911 г/см3 (ГОСТ 19916-74).

 

Жұмыстың барысы. Полимердің мөлшерін анықтау.

 

Егер 1 мл зерттелетін стиролға 5 мл этил спиртін қосқан кезде ерітінді ластанбаса стирол (С8Н8) стандарттың талабына сай.

Тығыздығын анықтау. Зерттелетін сұықтың тығыздығын екі әдіспен анықтайды.

1. 100 мл зерттелетін сұйықты өлшеп цилиндрге құяды. Содан соң цилиндрге ареометрді салады, ол батып кетпей қалқып тұруы тиіс. Ареометрдің шкаласындағы көрсеткіш зерттелетін заттың тығызыдығы болады.

2. Кептірілген тартылған пикнометрге дистилденген су құяды және таразыда тартады Р1. содан пикнометрді кептіріп және зерттелетін сұйықтың операциясын қайталайды, сөйтіп Р2 шамасын алады. Р-пикнометрдің салмағы.

Тығыздықты мына теңдеу бойынша есептейді:

 

d = P2-P/P1-P

 

Сыну көрсеткішін анықтау.

Сыну көрсетішін 20°С рефрактометрмен анықтайды. Рефрактометр қондырғысын жақсы жарық түсетін столға орналастырады., Онда жарықтың сәулесі рефрактометр айнасына түсіп тұруы керек. Барабанның көмегімен рефрактометр шкаласындағы әртүрлі бояудың түсі қара-сұрдан ашық сұр түске дейінгі аралықта болатындай еріп орналастырады. Зат қойылатын столдың тегістігіне зерттелетін сұйықтың тамшысын тамызады, сөйтіп барабанды бұрап, сол алдыңғы түрлі-түсті бояуға келтіреді, қара сұрдан ашық сұрға, содан соң шкаладағы көрсеткішті жазып алады.

 

Қауіпсіздік техникасы

 

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын әдістемелік нұсқаудың соңындағы қауіпсіздік техникасының ережелерінен қара.

 

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Есептің титул бетіне жұмыстың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау тәртібі, зертханалық құрылғының схемасы, жұмысты орындаған студенттің аты-жөні, тобы, орындаған күні, алынған мәліметтерді өңдеу, қорытынды, бақылау сұрақтарына жауап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Жұмыс әдістемелік нұсқауда келтірілген ретпен рәсімделеді.

 

Бақылау сұрақтары.

Стирол және полистиролдың эмпирикалық формуласы.

Сыну көрсеткішін анықтау әдістерін атаңыз.

Тығыздықты анықтау әдісі.

 

Әдебиеттер

1.      Методические разработки к практикуму по курсу «Высокомолекулярные соединения». КазГУ, Алма-Ата,1987

часть1 - Каржаубаев Р.Г., Нуркеева З.С., Жубанов Б.А.

часть2 - Нуркеева З.С., Уткелов Б.А., Ергожин Е.Е.

 

Лабораториялық жұмыс № 3

 

Эпоксидті смолалардағы және композициялардағы (пластмассасын) ұшпайтын және ұшқыш заттардың мөлшерін анықтау.

 

Жұмыстың мақсаты: Практикалық маңызы бар полимерлердің өкілдерімен танысу және зерттелетін үлгілердің салмағын анықтау.

 

Теориялық бөлім. Полиэфирлі смолалалр (алкидті). Алкидті, полиэфирлі смолалар, көп негізді қышқылдардың немесе олардың альдегидтерінің көп атомды спирттермен поликонденсациялауы жолымен синтезделеді. Талшық түзуші полимерлердің ішіндегі ең танымалы – полиэтилентерефталат немесе лавсан - этиленгликольдің терефталь қышқылымен конденсациясының өнімі. Лавсанды талшық кең таралған және текстиль өнеркәсібінде кең қолданылады. Ол жоғары беріктілікке ие, жүн талшықтармен жақсы үйлеседі. Полиэфирлерді әлемдік өндіру 1960, 1970 және 1980 жылдары сәйкесінше 0,123; 1,643 және 5,132 млн т. құрады.

Жаңа полиэфирлі смолалар арасында поликарбонаттар ерекше орын алады. Ол фосген және екі атомды спирттердің поликонденсациясының өнімі:

 

nHOC6H4OH + nCOCl2 ® … -O–CO–C6H4–O–CO–O–C6H4 - … + (2n-1)HCl

                                                                                                                                   

Олар жоғары механкиалық беріктікке және жоғары жылу тұрақтылыққа ие. Олардың негізінде мөлдір оқ өткізгіш материалдар дайындалуы мүмкін.

Эпоксидті смолалар. Құрамында екі молекуласы немесе оданда көп тотық тобы бар

 = С  - С =

       О

түріндегі эпоксидті смола (ЭС) көптеген әр түрдегі қосылыстардан тұрады. Олар салыстырмалы алғанда төмен молекулалы полимерлер болып табылады. Яғни химиялық әрекеттесетін заттардың және катализаторлардың әсерінен балқымайтын және ерімейтін күйге айналады. ЭС оқтын-оқтын  және үздіксіз әдіспен сұйық, қатты және эмульсиялы өнімдер ретінде шығарылады. Осылардың ішіндегі негізгісі дифенилпропан және этилхлориді негізінде алынатын ароматты эпоксидті смола болып табылады.

   Этилен тотығы –реакциялық қабілеті жоғары жай эпоксидті қосылыс.

Қазіргі кезде спирттермен, аминдермен, қышқылдармен және алкилфенолдармен реакциясының өнімдері мата-мақта өндірісінде өзінің жоғары жуғыш және эмульгирлеуші қабілетінің арқасында  кең тараған материалдар.

Эпоксидті смолаларды, этилхлоргидринді 4,4/-диоксиддифенилпропанмен конденсациясынан алады. Өндірісте кеңінен қолданылады. Оларға әртүрлі өнімдер жатады. Олар қатайғаннан кейін бағалы физикалық және химиялық қасиеттерге ие болады. Көп материалдарға адгезиясы күшті, жақсы диэлектрлік қасиеті, қарағанда еріткіштердің және сілтілердің әсеріне тұрақтылығы жоғары эпоксидті смолаларды қолдану үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.

   Эпоксидті қатаймаған смолалар диоксиддифенилпропан негізіндегі термопластикалық өнімдерден тұрады, олардың түсі сарыдан қола түске  дейін және консистенциясы қоймалжың тұтқыр сұйықтан, қатты сынғыш затқа дейін болады. Олар кетонда, күрделі эфирде, диоксидте және хлорбензолда жақсы ериді. Төмен молекулалы смолалар спиртте және ароматты көмірсутектерде ериді. Бастапқы смоланың молекулалық салмағы көп дәрежеде қатайған өнімнің қасиетін анықтайды. Сондай-ақ, төмен молекулалы смолалар көп жағдайларда клей ретінде және жоғары молекулалы смоланы-лактарды дайындау үшін қолданады.

ЭС құйғыш және жұтқыш зат қаптағыш және жапсырғыш, шыны пластиктерді дайындау үшін байланыстырғыш және пресс-материалдар ретінде қолданылады. ЭС қолданылатын аумағы: радиоэлектроника және электротехника, су құрылысы және бояу – лак өндірістері.

 

Жұмыстың орындалуы

 

Қондығылар және ыдыстар: кептіргіш электрлі шкаф, температурасы 200°С; кептіргіші бар эксикатор; өлшеу үшін стакандар (бюкстер).

 

Жұмысты жүргізу. Стаканды тұрақты салмаққа дейін кептіріп, эксикаторды суытып, содан соң 1 г зерттелетін материалды стаканға салады. Еріткіштің негізгі бөлгінің ұшып кетпеуі үшін, стаканды зерттелетін затымен тартпа шкафта 1 сағатқа бөлме температурасында қалдырады. Содан соң стаканды зерттелетін затымен кептіргіш шкафқа салып, оқытушының белгілеген температура мен уақытта кептіреді. Стаканды зерттелетін затымен эксикаторда 30 минут суытады. Ал таза эпоксидті смолалар үшін бөлме температурасында кептірудің қажеті жоқ.

Ұшпайтын заттардың салмақтық үлесін (кебу қалдығы) (Х) процентпен мына формула бойынша есептейді:

 

Х = (m2-m1)*100/m1-m

Мұндағы, m – стаканның салмағы, г;

m1 - зерттелетін заты бар стаканның салмағы, г.

m2 – кептірілген заты бар стаканның салмағы, г.

 

Екі параллельді заттың орта арифметикалық санын зерттеудің нәтижесі деп алу керек, олардың мәні 0,3%-тен аспауы тиіс.

Ұшқыш заттардың Х1 салмақтық үлесін пайызбен мына теңдеумен есептейді:

 

  Х = (m2-m1)*100/m1-m

 

Қауіпсіздік техникасы

 

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын әдістемелік нұсқаудың соңындағы қауіпсіздік техникасының ережелерінен қара.

 

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Есептің титул бетіне жұмыстың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау тәртібі, зертханалық құрылғының схемасы, жұмысты орындаған студенттің аты-жөні, тобы, орындаған күні, алынған мәліметтерді өңдеу, қорытынды, бақылау сұрақтарына жауап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Жұмыс әдістемелік нұсқауда келтірілген ретпен рәсімделеді.

 

Бақылау сұрақтары.

1.      Жұмыстың мақсаты.

2.      Ұшқыш заттардың салмақтық үлесін анықтау әдісі.

3.      Ұшпайтын заттардың салмақтық үлесін анықтау әдісі.

4.      Химиялық ыдыстарды жуу және кептіру әдістері.

 

Әдебиеттер

ГОСТ   11235-75   Смолы  фенолоформальдегидные.  Методы определения сдержания свободного фенола.

Коршака В.В. Технология пластических масс. -М.: Химия, 1972.-615 с

 

Лабораториялық жұмыс № 4

 

Фенолформальдегидті смоладағы бос фенолды анықтау

 

Жұмыстың мақсаты: формальдегидті қалыптастырылған бұйымдардағы бос фенолдың мөлшерін анықтау

 

Теориялық бөлім.  Негізінен  қанықпаған полиэфирлерді 60-75% ерітінді түрінде әр түрлі мономерлерде қолданады; олар сополимерленіп балқымайтын және ерімейтін жазықтықты  құрылысы бар  полимерлер түзеді. Осындай шексіз емес мономердегі қанықпаған полиэфирлер ертінділері қанықпаған полиэфирлі смолалар деп аталады.

Көптеген басқа да термореактивті полимерден қанықпаған полиэфирлі смолалардың артықшылығы, олардың бөлме немесе жоғары емес температураларда басқа да жанама өнімдерді бөлмей қатайтатын қабілеті бар.

Қанықпаған полиэфирлерді мономермен сополимеризациясы әртүрлі инициаторлардың қатысында жүреді. Кей кездерде жүйеге тездеткіштер енгізеді, олар өте төмен  температурада инициаторлардың ыдырауына әкеп соғады. Жылдамдатқыш ретінде үшіншілік ароматты амидтерді қолданады (диэтиламин). Қанықпаған полиэфирлі смолалардың қасиетіне бірге қосарланған мономерлердің химиялық құрлысы үлкен әсер етеді. Қанықпаған полиэфирдің қасиетін, олардың химиялық құрылысын өзгерте отырып түзетуге  болады.

Сондай-ақ ұзын тізбекті монокарбонды қышқылдарды қосу жолымен қанықпаған дикарбонды қышқылдан алынған, полиэфирлер модификациясы полиэфирлі тізбектің иілгіштігінің жоғарылауына көмектеседі.

Қанықпаған полиэфирлерді өндіру үшін негізгі  шикізат: малеинді ангидрид, фумар қышқылы, этиленгликоль, диэтиленгликоль, пропиленгликоль болып табылады. Өндірісте көп таралған қанықпаған  полиэфирлерді  малеинді және фумар қышқылдардың негізінде алу әдісі болып табылады. Қанықпаған полиэфирлерден смолалардың бірнеше  түрлері шығарылады. Олар қатайған полиэфирлер қасиеті бойынша және қолданылуына байланысты ерекшеленетін қатты мөлдір немесе  мөлдір емес материалдар болып келеді. Мөлдір материалдардың 92%-ке дейін жарықты өткізеді. Олар минералды және органикалық қышқылдарға, тұздар ерітіндісінде көптеген еріткіштерде, бензин майының әсеріне тұрақты. Ал сілтілердің ыстық қышқылдардынңа, хлорланған көмірсутектердің әсеріне тұрақсыз. Қанықпаған полиэфирлерді ең бастысы армирленген пластилиндердің әртүрлі түрін дайындау үшін байланыстырғаш  ретінде қолданылады. Сондай-ақ кейбіреуін шашыратып және жағып қолданылатын лактар ретінде қолданады.

Фенол-формальдегидті полимерлер олар қатты және сұйық термореактивті өнімдер, бояуы яғни қолданылатын катализаторларға байланысты өзгертіп отырады.. Амиакты су және органикалық аминдердің қатысуында алынған олигомерлер сары түсті, ал  барий  гидрототығы қатысуын да ақшыл -сары түсті болып келеді.  Олигомер спиртте және ацетонда жақсы ериді. Полимерлер толығымен ерігіштігін жойған. Формальдегид фенол-альдегид пролимерін өндіруде қолданылатын , өте қажет және жалғаз альдегид болып табылады.

 

Жұмыстың орындалуы.

Анализге дайындау: Үлгіні ұсақтайды және материалды қыздырмау қажет. Ұнтақты елеуіштен өткізіп, шлифтелген пробкамен жабады.

Сыйымдылығы 250 мл конусты колбаға дәлдігі 0,01 г болатын 0,5 немесе 1г анализденетін ұнтақ салады және оған он есе артық мөлшерде 90-100°С  дейін қыздырылған дистилденген су құяды. Колбаны тығынмен жауып, біркелкі ерітінді түзілгенше араластырады.

Колбадағыны бөлме температурасына дейін салқындатады, фильтрден өткізеді.

Анализді жүргізу. Сыйымдылығы 250 мл конусты колбаға пипеткамен 5мл фильтрат құяды, оған пипеткамен 10 мл иод ерітіндісін, 3-4г бура, шамамен 100 мл  дистилденген су құяды. Колбаны тығынмен жауып, араластырады және оны 10 минут қараңғы жерде араластыру қажет. Сосын пипеткамен 2н 25 мл күкірт қышқылын қосады және араластырады. Әрекеттеспеген иодты натрий тиосульфаты ерітінідісімен 2 тамшы крахмал қосып титрлейді.

Бірмезгілде осы жағдайларда юақылау тәжірибесін жүргізеді. Бұл кзде 5 мл фильтраттың орнына дистилденген су алады.

Бос фенолдың мөлшерін (Х) процентпен келесі формуламен есептейді:

 

                          

     Х1 = (V-V1)* V2*0,0007835*100

                                                                   m * V3

мұндағы, V – титрлеуге жұмсалған 0,05 н натрий тиосульфаты ерітінідісінің көлемі,  мл;

V1 – анализденетін ерітінідіні титрлеуге жұмсалған 0,05 н натрий тиосульфаты ерітінідісінің көлемі,  мл;

V2 –ұнтақты экстракциялауға алынғансу, мл;

0,0007835 – 1 мл 0,05 н натрий тиосульфатының көлеміне сәйкес келетін фенолдың мөлшері, г

m –анализденетін ұнтақтың массасы, г;

V3 – аликвота ерінідісінің көлемі, мл.

 

Қауіпсіздік техникасы

 

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын әдістемелік нұсқаудың соңындағы қауіпсіздік техникасының ережелерінен қара.

 

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Есептің титул бетіне жұмыстың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау тәртібі, зертханалық құрылғының схемасы, жұмысты орындаған студенттің аты-жөні, тобы, орындаған күні, алынған мәліметтерді өңдеу, қорытынды, бақылау сұрақтарына жауап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Жұмыс әдістемелік нұсқауда келтірілген ретпен рәсімделеді.

 

Бақылау сұрақтары

Сынаманы анализге дайындау.

Бос фенолды есептеу формуласы.

 

Әдебиеттер

ГОСТ   11235-75   Смолы  фенолоформальдегидные.  Методы определения сдержания свободного фенола.

Коршак В.В. Технология пластических масс. -М.: Химия, 1972.-615 с

 

Лабораториялық жұмыс № 5

 

Поливинилхлорид және винилхлорид сополимерлері. Ылғал мөлшерін және ұшқыш заттарды анықтау.

 

Әдістің мәні. Әдістің мәні қыздырған кезде үлгінің салмағының жоғалуын анықтауға негізделген.

 

Теориялық бөлім.

   Поливинилхлорид  (… - CH2 - CH – CH2 – CH - …)n.

                                                                                        Cl                 Cl

Техникада поливинилхлоридті полимерлеу автоклавтарда 5-7 атм., 40-50º кезінде эмульсияда немесе мұнараларда үздіксіз тәсілдермен жүргізіледі. Инициатор ретінде әртүрлі асқын тотықтар қызмет атқарады.

Поливинилхлорид (ПВХ) 140º-тан жоғары температурада НСl түзе айтарлықтай ыдырайды. ПВХ-тің жылу төзімділігін жоғарылату үшін стабилизаторлар – негіздік сипаттағы (стеарин қышқылының тұздары, корғасын карбонаты, т.б.) заттар енгізіледі, олар бөлінген НСl-ды байланыстырып, ыдырауды тоқтатады.

Өнеркәсіпте ПВХ негізіндегі материалдардың екі типін шығарады:

1)      жұмсақ және эластикалық пластификацияланған полимер (пластикат);

2)      қатты пластификацияланбаған 2-3% стабилизатормен араластырылған полимер (винипласт).

ПВХ-те пластификатор ретінде жоғары спирттер мен фталь қышқылының – төмен ұшқыш  күрделі эфирлері (дибутилфталат, диоктифталат, т.б.) қызмет атқарады. Пластикат құрамына көбінесе минералды толтырғыштар кіреді.

Винипласт қатты, беріктігі жоғары өнім және жақсы механикалық қасиеттерге ие. Винипласт қайнатылады, жабыстырылады және механикалық тәсілдермен жақсы өңделеді.

Қолғап, галош, аяқ киім, плащ, т.б. өндіруде пластификатордағы ұсақ дисперсті полимер – ПВХ-ті пласттар кең қолданылады. Сондай-ақ, ПВХ жұмсақ және қатты пенопласттар дайындауда қолданылады.

Сополимерлену. Екі  немесе  одан  да  көп  мономерлердің бірге полимерленуі кезінде алынған полимерлер сополимерлер деп аталады. Бинарлы сополимерлену анағұрлым терең зерттелген, бұл кезде екі мономер қатысады. Сополимерлену теориясын түсіндіру үшін, екі жағдайды қарастырайық.

1. Мономерлер жекелеп полимерленбейді, бірақ сополимер түзеді (гетерополимерлену). M1 радикалы тек М2 радикалын қосып алады, ал М2 тек М1 радикалын қосады. Бастапқы қоспадағы мономерлердің арақатынасына қарамастан сополимер макромолекуладағы М1 және М2 қатаң кезектесіп келуі байқалады:

 

2. Мономерлер гомополимер түзуге қабілетті, бірақ сополимер түзбейді. Радикалдар тек өзінің мономерлерімен ғана әрекеттесіп, гомополимер қоспасын түзеді. Мысалы: п-хлорстирол-винилацетат, бутадиен-акрил қышқылы жүйелері.

Сополимерлену процесі кезінде сызықты, тармақталған және торлы құрылымды полимерлер алады. Мысалы, мономерлердің бірінің құрамында қос байланыс болса және өте аз мөлшерде екінші мономермен араластарылса, торлы полимерлер түзіледі. Мұндай мономерлер «тігуші агенттер» деп аталады.

Сополимер құрылымы, М1 және М2 қалдықтарынан тұратын молекулалық тізбек кесінділерінің мөлшерімен және әрбір кесіндідегі осы қалдықтардың санымен сипатталады.

Сополимерлену синтетикалық каучук, пластикалық масса, лак-бояу жабындарын, синтетикалық талшық, иониттер өндіруде жиі қолданылады.

Мысалы, стиролға аз мөлшерде дивинилбензол қосса, олардың сополимерленуі кезінде ерімейтін және балқымайтын торлы құрылымды сополимер түзіледі:

 
 


                                                                                                 дивинилбензол

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бұл материал практикада ионалмасу смоласын алуда қолданылады.

Бірқатар жағдайларда полимерлену кезінде торлы полимерлердің түзілуі қажет емес.

Жұмыстың орындалуы.

 

Қондырғылыр.

Термошкаф, температураның ±2°С дейінгі дәлігін қамтамасыз етуі тиіс.

Стакан (бюкс) диаметрі 82±1,0 немесе 58±1,0 мм

Биіктігі 30 мм немесе алюминийден және тот баспайтын табақшалар.

Кептіргіші бар эксикатор.

Жұмыстың барысы. Алдын ала тұрақты салмаққа дейін кептірілген стаканға немесе табақшаға 5 г-дай полимер салады. Сонда түбінде бір тегіс қабатпен жауып 0,0002 г-нан көп емес дәлікпен тартады. Стаканның немесе табақшаның қақпағын ашып термошкафқа салып, 1 сағат көлемінде 110±2°С-та кептіреді. Содан соң эксикаторды сутып өлшейді. Ары қарай әр 30 минуттан кейін термошкафтан алып суытып тұрақты салмаққа жеткенге дейін өлшеп тұрады.

Ылғалдылық пен ұшқыш заттардың (Х) салмақтық үлестерін процентпен төмендегі теңдеумен есептейді:

 

  Х = (m0-m1)*100/m0

 

Мұндағы, m0 – бастапқы заттың салмағы, г.

m1 – кептірілгеннен кейінгі үлгінің салмағы, г.

 

Күлді және сульфатты күлді анықтау.

 

1. Күлдің құрамын анықтау әдісі 850±50°С температурасындағы тұрақты салмаққа дейінгі сынаманың күлденуін тұрады.

Қондырғылар.

Муфельді пеш, температурасы 850±50°С температура болуы тиіс.

Лабораториялық таразы.

Фарфор тигельдер, биіктігі №3,4,5.

Кептіргіші бар эксикатор.

Жұмысты жүргізу. Тигельді 850±50°С температурада 10 минут бойы қыздырып эксикаторда суытады. Алдын ала өлшеп алынған тигельге 5 г поливинилхлоридті салып, 0,0002 г дәлдікпен өлшейді. Күйдіруді шетінен жүргізеді, себебі, күлдің бөлшектері ұшқыш заттармен кетіп қалмауы керек. Ол үшін тигельді муфель пеші есігінің аузына қояды, ол жерде температура 30-400°С, содан соң жайлап пештің ортасына жылжытады. Тигеьді пештің 850±50°С температурасында екі тәртіптің біріне ұстайды: 1-10 минут аралығында және 2-3 сағат аралығында. Содан соң алып эксикаторда суытады және 0,0002 г дәлдікпен өлшейді. Күйдіруді тұрақты салмаққа дейін жүргізеді. Әрбір келесі қызыдрудың және өлшеудің кезегі мына тәртіп бойынша: 1-10 минут және 1-2 сағат аралығында жүргізіледі. Әрдайым өлшеудің алдында тигельді эксикаторда 40-60 минут ұстау керек.

Күлдің (Х) салмақтық үлесі процентпен мына теңдеумен есептелінеді:

 

  Х = m1*100/m

 

Мұндағы, m – кептіргенге дейінгі сынаманың салмағы, г.

 m1 – кептірілгеннен кейінгі сынаманың салмағы, г.

 

2. Сульфатты күлді анықтау әдісі 850±50°С температурада тұрақты салмаққа дейінгі сынаманы күйдіру одан кейін күкірт қышқылымен өңдеуден бейтараптандырудан және қыздырудан тұрады.

 

Қондырғылар.

Муфельді пеш, температурасы 850±50°С температура болуы тиіс.

Лабораториялық таразы.

Фарфор тигельдер, биіктігі №3,4,5.

Кептіргіші бар эксикатор.

Электрлі пештер.

1 мл пипетка, күкірт қышқылы.

Аммоний карбонаты.

 

Жұмысты жүргізу. Тигельді 850±50°С температурада 10 минут бойы қыздырып эксикаторда суытады. Алдын ала өлшеп алынған тигельге 50 г поливинилхлоридті салып, 0,0002 г дәлдікпен өлшейді. Жай қызып тұрған электр плитасында 40-60 минуттай сынаманы абайлап қыздырады, содан соң 6-10 минут қатты қызып тұрған плитада өнім толық жанып кеткенге дейін ұстайды, оны тигельден қара будақ түтіннің ұшып кетуінен білуге болады. Тигельді сынамамен эксикаторда суытады, оған пипеткамен суланғанға дейін 0,2-0,3 мл күкірт қышқылын тамызады және 10-15 минут реакция тоқтағанға дейін ұстайды. Содан 40-50 минут аралығында тигельді абайлап плиткада реакцияның толастауына дейін қыздырады. Қышқылдың артық мөлшерін бейтараптандырудың алдында тигельді суытады, содан соң скальпельдің ұшымен аммоний карбонатын қосадыжәне пайда болған ақ түтін толастағанша қыздырады. Содан соң алдыңғы әдістердегідей күйдіруді жүргізеді.

 

Қауіпсіздік техникасы

 

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын әдістемелік нұсқаудың соңындағы қауіпсіздік техникасының ережелерінен қара.

 

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Есептің титул бетіне жұмыстың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау тәртібі, зертханалық құрылғының схемасы, жұмысты орындаған студенттің аты-жөні, тобы, орындаған күні, алынған мәліметтерді өңдеу, қорытынды, бақылау сұрақтарына жауап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Жұмыс әдістемелік нұсқауда келтірілген ретпен рәсімделеді.

 

Бақылау сұрақтары.

Жұмыстың мақсаты.

Күлді және сульфатты күлді анықтау әдістері.

Ылғалды және ұшқыш заттарды анықтау әдістері.

Аммоний карбонатын не үшін қолданады?

 

Әдебиеттер

ГОСТ   11235-75   Смолы  фенолоформальдегидные.  Методы определения сдержания свободного фенола.

Коршака В.В. Технология пластических масс. -М.: Химия, 1972.-615 с

 

Лабораториялық жұмыс № 6

 

Поликонденсация реакциялары

 

Теориялық бөлім. Поликонденсация функционалды топтар (-OH, -COOH, -NH2, H2) арасындағы реакциялар есебінен жүреді және жаңа заттардың түзілуіне әкеледі. Бұл заттар, бір-бірімен байланысқан топ қалдықтарынан тұрады. Бұл кезде бірмезгілде төмен молекулалы қосылыстар (су, HC1, NH3, спирттер, т.б) түзіледі. Конденсацияның мысалы ретінде этерификация реакциясы бола алады:

RCOOH + R¢-OH « R-COOR¢ + H2O                                

 

Жалпы түрде  A-x + B-y « AB + xy                                                

 

А,В- әрекеттесетін молекулалардың  қалдығы, х,у- функционалды топтар, ху- төмен молекулалы өнім.

Егер әрбір мономердің молекулаларының құрамында екіден көп функционалды топтар болатын болса, конденсация көп рет қайталанады да, ЖМҚ түзілуіне әкелетін поликонденсация жүреді:

   (35)       

Поликонденсация кезінде макромолекуланың өсуі, барлық мономерлердің функционалды топтары жэне реакцияның аралық өнімдері толық әрекеттескен кезде ғана тоқтайды. Поликонденсация қайтымды процесс.

Поликонденсацияның толықтығы немесе тереңдігі деп аталатын функционалды топтардың таусылу дәрежесі, реакциялық ортадан мұқият төмен молекулалық өнімдерді арылтуға тәуелді, бұл заттар полимердің түзілу бағытына тепе-теңдіктің ығысуына кедергі жасайды.

Мономерлерлер   би-,   үш-,   полифункционалды деп бөлінеді.

Жалпы түрде бифункционалды мономерлерді поликонденсациялану реакциясы мына теңдеумен жазылады:

 

n(a-A-a) + n(b-B-b) ® a – [-AB-]n-b + (2n-1)ab                                           

 

Мысал ретінде полиэтерефикация реакциясын қарастырайық:

 

nHO-R-COOH + nHO-R¢-COOH ® H[O – R – COO – R¢ – CO]nOH + (2n-1)H2O

                                                                                                                                             

Кейбір жағдайда төмен молекулалы қосалқы заттар бөлінбейді. Бұл жағдай, мысалы, гликоль мен диизоцианаттардан полиуретандар синтездегенде байқалады:

 

                           

 

Мұндай процестерді сатылап полимерлеу немесе полиқосылу реакциялары деп те атайды.

 

Лабораториялық жұмыс: Адипин  қышқылы және этиленгликольдің поликонденсациясы

 

           Реактивтер: адипин қышқылы 14,6 г

                                  этиленгликоль       6,2 г

 

Приборлар: Араластырғышы бар үш мойынды колба, Дина және Старк аулағышы, термометр, фарфорлы ыдыс.

        

14,6 г адипин қышқылын және 6,2 г этиленгликольді өлшеп механикалық араластырғышпен, термометр және Дина және Старк аулағыштарымен жабдықталған үш мойынды колбаға салады. Дина және Старк аулағышы түзілген суды ұстап қалуды қамтамасыз етеді.

Реакцияны ауа моншасында реакциялық массаның температурасы 175-185°С кезінде жүргізеді. 4 сағаттан кейін түзілген тұтқыр сұйықтықты ыстық күйінде фарфорлы ыдысқа ауыстырады. Мұнда сұйықтық салқындаған кезде шайыр тәрізді массаға айналады.

        

Қауіпсіздік техникасы

 

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын әдістемелік нұсқаудың соңындағы қауіпсіздік техникасының ережелерінен қара.

 

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Есептің титул бетіне жұмыстың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау тәртібі, зертханалық құрылғының схемасы, жұмысты орындаған студенттің аты-жөні, тобы, орындаған күні, алынған мәліметтерді өңдеу, қорытынды, бақылау сұрақтарына жауап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Жұмыс әдістемелік нұсқауда келтірілген ретпен рәсімделеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Реакция схемасын жазыңыз.

2. Алынған полимердің ерігіштігін  әртүрлі көрсеткіштерде алынуы.

3. Полимердің қышқыл және эфир санын анықтау.     

 

Әдебиеттер

ГОСТ   11235-75   Смолы  фенолоформальдегидные.  Методы определения сдержания свободного фенола.

Коршака В.В. Технология пластических масс. -М.: Химия, 1972.-615 с

 

Лабораториялық жұмыс № 7

 

Фталь ангидриді мен этиленгликольдың поликонденсациясы

 

Теориялық бөлім. Түзілген полимерлердің құрылымына қарай поликонденсация сызықты және торланған (үшөлшемді) деп бөлінеді.

Егер поликонденсацияға тек бифункционал топтары бар мономерлер қатысса, онда сызықты макромолеула түзіледі. Мұны сызықты поликонденсация деп атайды.

 
 


                                                                                                                                                

 

Егер поликонденсацияға үш немесе одан да көп функционалды топтары бар мономерлер қатысса, одан алдымен тармақталған, содан кейін торлы макромолекула түзіледі. Мұны тармақталған немесе торлы поликонденсация дейді:

 
 

 

 


                                                                                                                                               

 

 

 
реакция осындай ретпен жалғасса, соңғы өнім ретінде үш өлшемді тор түзіледі:

 

 

 

 

 

Мономерлердің табиғатына байланысты, гомополиконденсация жэне гетерополиконденсация деп бөлінеді.

Егер поликонденсацияға әртүрлі функционалды топтары бар біртекті мономер қатысса, оны гомополиконденсациялану деп атайды:

 

nHO-(СН2)6-COOH ® H[-O – (СН2)6 – CO –]nOH + (n-1)H2O          

 

Егер реакция екі типті мономерлердің функционалды топтарының бір-бірімен әрекеттесуі арқылы жүрсе, оны гетерополиконденсациялану деп атайды. Мысалы: гексаметилендиамин мен адипин қышқылынан полигексаметиленадипамидтің алынуын қарастырайық:

 

       nH2N - (СН2)6 – NH2 + nHOOC - (СН2)4  - COOH ®

® H-[NH - (СН2)6-NH – CO - (СН2)4 – CO-]nOH + (2n-1)H2O      

 

Егер реакцияға екі немесе одан да көп біртекті мономерлер қатысса, оны сополиконденсациялану деп аталады. Мысалы, аминoкапрон және аминэнант қышқылдарының поликонденсациялануы:

 

     nH2N(СН2)5COOH + mH2N(СН2)6COOH®

® H-[NH - (СН2)5 – CO – NH - (СН2)6 – CO-]nOH + xH2O                 

 

Жұмыстың орындалуы.

 

Реактивтер:

Фталь ангидриді, айдалған немесе балқытылған               32,2 г

Этиленгликоль                                                                                   13,6 г

 

Приборлар:

Фарфорлы стакан                                                                               1

Шыны воронка                                                                                  1

Тигельдер немесе кіші фарфорлы ыдыстар                          6

Конусты колбалар                                                                             3

 

Фарфорлы стаканға 32,2 г фталь ангидридін және 13,6 г этиленгликольді өлшеп салады. Суретте көрсетілгендей, стаканды тығыз шыны воронкамен жабады және абайлап торда қыздырады.

Реакцияны 180-185°С температурада араластыра отырып жүргізеді. Реакция барысында реакциялық қоспа смола тәрізді консистенцияға айналады, соңында 4-5 сағаттан кейін сұйық смола тәрізді массаны бөлме температурасына дейін салқындатқанда мөлдір шыны тәрізді массаға айналады.

Полиэфир синтезі процесінде реакция кинетикасын зерттеу үшін реакциялық массадан сынама алып, әрекеттесіп үлгермеген қышқылды сандық анықтайды.

 

Полимердің бірінші сынамасын фталь ангидриді балқығаннан кейін, ал келесі сынамаларды – 30 минуттан, 1, 2, 3 және 4 сағаттан кейін алады.

Фталь ангидриді қыздырғанда айдалады және воронканың салқын қабырғасында кристалданады.

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бақылау сұрақтары

1. Фталь ангидриді мен этиленгликоль реакциясының схемасын жазыңыз.

Алынған полимердің, алдыңғы жұмыста алынған полимердің (адипин қышқылы мен этиленгликоль поликонденсациясы) физикалық күйлерімен салыстырыңыз. Айырмашылықтың себеін түсіндіріңіз.

 

Лабораториялық жұмыс № 8

 

Фталь ангидриді мен глицериннің поликонденсациясы

 

Реактивтер:

Фталь ангидриді                                                                     22 г

Глицерин, сусыз                                                                    13,3 г

 

Приборлар

Фарфорлы стакан                                                                   1

Шыны воронка                                                                       1

Тигельдер немесе кіші фарфорлы ыдыстар              7

 

22 г фталь ангидридін өлшеп, 13,3 сусыз глицеринді (егер глицерин сулы болса, өлшендіні сәйкесінше жоғарылатады) фарфор ыдысқа салып, шыны воронкамен нықтап жабады. Қоспаны тез ауа моншасында 180°С температурада қыздырады және осы температурада 2 сағат бойы ұстайды. Сосын реакциялық қоспаның температурасын 200-220°С –қа жоғарылатады және қыздыруды ацетонда қиын еритін полимер түзілгенше жалғастырады. Немесе реакцияны этиленгликольмен конденсациялау секілді жүргізеді.

Полимердің бірінші сынамасын фталь ангидриді балқығаннан кейін, ал келесі сынамаларды – 30 минуттан, 1, 2, 3 және 4 сағаттан кейін алады.

Фталь ангидриді қыздырғанда айдалады және воронканың салқын қабырғасында кристалданады.

 

Қауіпсіздік техникасы

 

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын әдістемелік нұсқаудың соңындағы қауіпсіздік техникасының ережелерінен қара.

 

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Есептің титул бетіне жұмыстың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау тәртібі, зертханалық құрылғының схемасы, жұмысты орындаған студенттің аты-жөні, тобы, орындаған күні, алынған мәліметтерді өңдеу, қорытынды, бақылау сұрақтарына жауап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Жұмыс әдістемелік нұсқауда келтірілген ретпен рәсімделеді.

 

Бақылау сұрақтары

1. Фталь ангидриді мен глицерин реакциясының схемасын жазыңыз.

2. Алынған полимердің ерігіштігін және оны 220-240°С кезінде 15 минут барысында қыздырғаннан кейінгі өзгеруін анықтаңыз.

 

Әдебиеттер

ГОСТ   11235-75   Смолы  фенолоформальдегидные.  Методы определения сдержания свободного фенола.

Коршака В.В. Технология пластических масс. -М.: Химия, 1972.-615 с

 

Лабораториялық жұмыс № 9

 

Фенол мен формальдегидті сілтілі ортада поликонденсациялау

(резолды смола алу)

 

Жұмыстың мақсаты: Фенол мен формальдегидті сілтілі ортада поликонденсациялау (резолды смола алу) әдісімен танысу

 

Теориялық бөлім. Фенол мен альдегидтердің қышқыл және сілтілі орталардағы реакциялары смола тәрізді полимер мен судың түзілуіне әкеледі. Бұл реакция кәдімгі поликонденсация реакциясы болып табылады.

Фенолдың формальдегидпен поликонденсация реакциясы анағұрлым жақсы зерттелген және практикада кең қолданыс тапқан. Бұл реакцияда аралық өнім ретінде о- және п-оксибензол спирттері, сондай-ақ, 4,4¢- және 2,4¢-диоксидифенилметандар түзеді. Сілті қатысында түзілген оксибензол спирттері өзара аз жылдамдықпен әрекеттеседі. Қышқылдар бұл реакцияны күшті жылдадатады және полимердің алдын ала қатаю қауіптілігі жоқ кезінде (фенолдың артық мөлшерінде) катализатор ретінде қолданылады.

Фенолдың формальдегидпен поликонденсациялануының өнімінің қасиетіне бастапқы компоненттердің ара қатынасы үлкен әсер етеді. Егер формальдегидтің мөлшері фенолдың мөлшеріне эквимолекулалы қатынасы бойынша асып кетпесе, сызықты термопластикалық полимерлер түзіледі және новолак деп аталады. Егер формальдегид артық мөлшерде алынса, резитол деп аталатын поликонденсация өнімдері түзіледі. Резолдар да балқиды және ерімтал, бірақ новолактардан өзгешелігі, олар қыздырғанда балқымайтын және ерімейтін күйге өтеді. Бұл айналым, резит деген аралық өнімнің түзілуі арқылы жүреді, ол балқуға және еруге қабілетсіз, бірақ ісіне алады. Соңғы балқымайтын және ісінбейтін өнім - резит деп аталады.

Резолдар және резитолдар, өздерінің жылудың әсерінен қайтымсыз қатаю қабілетінің арқасында термореактивті материалдар деген атауға ие. Резит сатысында фенол-формальдегидті полимерлер (полиметиленоксифенилендер) кеңістіктік құрылымға ие және термиялық тұрақты болып келеді.

Фенолдың басқа альдегидтермен реакциясы басқаша жүреді. Мысалы, фенолдың ацетальдегидпен қышқыл ортада әрекеттесуі кезінде диоксифенилэтан, ал одан ары конденсацияласа – сызықты термопластикалық полимерлер түзіледі. Альдегидтің артық мөлшері резит түзбейді. Осыған ұқсас құбылыстар фенолдың май альдегидімен және бензальдегидпен реакциясы кезінде байқалады. Аралық өнімдердің түзілуін келесі схемамен көрсетуге болады:

 

 
 


 

 

 

 

 

 

 

Фенол мен альдегидтердің поликонеденсация реакцияының катализаторлары ретінде HCl, H3PO4, (COOH)2, және кейбір қышқылдар, сондай-ақ,  NaOH және NH4OH қолданылады.

Фенол мен формальдегидтің әрекеттесуі кезінде жүретін реакцияларды келесі схемада көрсетуге болады:

 

Сызықты құрылымды полиметиленоксифениленнің түзілуі

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бұл формула (жұлдызшамен метилен топтарының қосылуының мүмкін болатын орындары көрсетілген) новолак құрылымын жобалайды, себебі, диоксидифенилметан изомерінің конденсация процесінде формальдегид пен фенолмен әрекеттеседі, бұл кезде изомерлер мен полимергомологтардың күрделі қоспасы түзіледі.

 

Кеңістіктік құрылымды полметиленоксифениленнің түзілуі

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Фенол-альдегидті смолаларды 300°С температураға дейін қыздыру кезінде олар бастапқы заттарды түзе отырып ыдырайды.

 

Жұмыстың барысы:

 

Реактивтер:

Фенол                                                                          17,5 г

Формалин (40%-ті)                                         17,75 г

Аммиак (25%-тьі сулы ерітінді)                     1,58

Приборлар:     

Дөңгелек түпті колба   кері мұздатқышы бар  300 мл         1

Су моншасы                                                                            1

Термометр 250 "С                                                                              1

Фарфор шынысы                    

 

Дөңгелек түпті колбаға   17,5  г  фенол,   17,75  г 40%-ті формалин және   1,5 г 25%-ті аммиака салады. Қоспаны кері мұздатқышпен су моншасында 90°С-та қыздырады. Шамамен жарты сағаттан кейін колбаның ішінде екі қабат түзіледі: жоғарғы — сулы және төменгі  - смолалы.  Қыздыруды тағы да бір сағат жалғастырады, сосын колбадағыны фарфор ыдысқа ауыстырып, салқындатады және жоарғы қабатты. Алынған полимерді (сызықты полиметиленоксифенилен) сумен бейтарап реакцияға дейін жуады,   3—5 мл спиртпен шаяды және сосын кептіреді.

Сусыздануына байланысты полимер мөлдір болады. Полимердің сызықты құрылымын анықтау үшін оның спиртте, ацетонда ерігіштігін анықтайды.

 

Қауіпсіздік техникасы

 

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын әдістемелік нұсқаудың соңындағы қауіпсіздік техникасының ережелерінен қара.

 

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Есептің титул бетіне жұмыстың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау тәртібі, зертханалық құрылғының схемасы, жұмысты орындаған студенттің аты-жөні, тобы, орындаған күні, алынған мәліметтерді өңдеу, қорытынды, бақылау сұрақтарына жауап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Жұмыс әдістемелік нұсқауда келтірілген ретпен рәсімделеді.

 

Бақылау сұрақтары

1. Процестің 1-ші және 2-ші сатысында жүретін реакция схемасын жазыңыз.

2. Полимердің деструкциясының өніміне сапалық анализ жасаңыз.

 

Әдебиеттер

ГОСТ   11235-75   Смолы  фенолоформальдегидные.  Методы определения сдержания свободного фенола.

Коршака В.В. Технология пластических масс. -М.: Химия, 1972.-615 с

 

Лабораториялық жұмыс № 10

 

Фенол мен формальдегидті қышқыл ортада поликонденсациялау

(новолак смола алу)

 

Жұмыстың мақсаты: Фенол мен формальдегидті сілтілі ортада поликонденсациялау (новолак смола алу) әдісімен танысу

Теориялық бөлім. Мономер концентрациясының әсері. Реакцияның тепе-тедік константасы мономер онцентрациясына тәуелді емес. Егер реакцияны тепе-теңдік күйге жеткізсе, онда полимердің молекулалық массасы мономердің концентрациясына тәуелді болмайды.

Поликонденсациялану жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрациясына пропоционал. Сондықтан мономер концентрациясы артқанда, тепе-теңдік күйге әкелетін уақыт қысқарады, яғни молекулалық массасы максимал полимер алынады.

Температураның әсері. Поликонденсациялану реакциясының жылдамдығы, температура өскен сайын артады. Температура полимерлердің молекулалық массасына өте аз әсер етеді. Алайда, температура артқан сайын жүйенің тепе-теңдік күйге жетуі жеделдейді. Температура өскен сайын қосалқы заттарды жүйеден бөлу жеңілдейді. Бұл тепе-теңдікті ығыстырады, сонда түзілетін полимердің молекулалық салмағы артады.

Катализатордың әсері. Егер поликонденсация тепе-теңдікке жеткенше аяқталса, онда катализатор реакция өнімінің молекулалық массасына әсер етпейді. Катализатор реакция жылдамдығын арттыра отырып, жүйені тепе-теңдіке жеткізеді. Егер К мәні үлкен болса, катализатор реакция жылдамдығын арттырады. Осыдан полимердің молекулалық массасы артады.

Мономерлер қатысуының әсері. Поликонденсация кезінде, мономерлердің біртүрлі функционалды топтары реакцияға түгелдей қатысып болса, артылып қалған екінші мономердің бір түрлі функционалды топтары реакцияға түспейді. Сондықтан мономерлерді эквивалентті мөлшерде алады. Бұл қағиданы функционалды топтардың эквивалентсіздік ережесі деп атайды.

 

Жұмыстың барысы:

Реактивтер:

Фенол                                                                          13 г

Формалин (40%-ті)                                         9 г

Тұз қышқылы (тығыздығы 1,19 г/см2)         0,25 г 

 

 Приборлар:

Дөңгелек түпті колба   кері мұздатқышы бар  300 мл         1

Су моншасы                                                                            1

Термометр 250 "С                                                                              1

Фарфор шынысы                    

 

13 г фенол өлшендісін және  9 г 40%-ті формалин ерітіндісін дөңгелек түпті колбаға салады, фенол толық ерігенше араластырады. Сосын 0,25 г концентрлі тұз қышқылын қосады, колбаны кері мұздатқышқа жағап, су моншасында 90°С кезінде смолалы және сулы қабат бірденг бөлінгенше қыздырады. Колбадағының тартпа астында фарфор ыдысқа ауыстырып, екі қабаттывң бөлінуін күтеді, сосын беткі сулы қабатты төгеді. Колбадағыны жылы сумен бейтарап реакцияға дейін жуады және кәдімгі қысымда температураны біртіндеп 200°С дейін көтеріп  кептіреді.

Алынған конденсация өнімі, ерімтал және қиын балқитын полиметил- еноксифенилендердің сызықты құрылымынан тұрады, арнайы агенттерді ендірсе, полимер кеңістіктік полимерге айналады

 

Қауіпсіздік техникасы

 

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын әдістемелік нұсқаудың соңындағы қауіпсіздік техникасының ережелерінен қара.

 

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Есептің титул бетіне жұмыстың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау тәртібі, зертханалық құрылғының схемасы, жұмысты орындаған студенттің аты-жөні, тобы, орындаған күні, алынған мәліметтерді өңдеу, қорытынды, бақылау сұрақтарына жауап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Жұмыс әдістемелік нұсқауда келтірілген ретпен рәсімделеді.

 

Бақылау сұрақтьары

1. Процестің 1-ші және 2-ші сатысында жүретін реакция схемасын жазыңыз.

2. Поликонденсацияның сызықты өнімінің ерігіштігін анықтаңыз.

3. Поликонденсация өніміне сапалық анализ жасаңыз.

 

Әдебиеттер

Лосев И.П., Федотова О.Я. Практикум по химии высокомолекулярных соединений. М.: Госхимиздат, 1962 . -228 с.

Коршак В.В. Технология пластических масс. -М.: Химия, 1972.-615 с

 

Лабораториялық жұмыс № 11

 

Мочевина (анилин) мен формальдегидтің поликонденсациясы

 

Жұмыстың мақсаты: Мочевина (анилин) мен формальдегидтің поликонденсациясының әдісімен танысу

 

Реактивтер:

Мочевина                                                15 с

Формалин (40%-ті)                                53 г

Аммиак (25%-ті сулы ерітінді)              1,3 г

Этилспирті (96%)                               10 мл

 

Приборлар:

Дөңгелек түпті колба   кері мұздатқышы бар  300 мл         1

Су моншасы                                                                            1

Термометр 250 "С                                                                              1

Фарфор шынысы                                                                                2

Вюрц колбасы                                                                         1

 

53,0 г 40%-ті формалин ерітіндісіне 1,3 г 25%-ті аммиак ерітіндісін құяды және кері мұздатқышы бар дөңгелек түпті колбада су моншасында жарты сағаттай қыздырады. Ыстық ерітіндіні қатпарлы фильтрден сүзіп, ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясын тексереді, егер рН 7,6—7,8 төмен болса аммиак қосады.

Фильтратқа 7,5 г мочевина қсоады, қоспаны жарты сағаттай қыздырады, сосын колбаға 10 мл спирт және тағы 7,5 г мочевина салады. Қоспаны 80°С кезінде ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясы 5,0—4,6 жеткенше қыздырады, ол әдетте 2-3 сағат жүргізіледі.

Поликонденсация өнімдері сұйық мөлдір сироп болады. Оны Вюрц колбасына ауыстырып, 70—80°С кезінде сулы насоспен айдайды.

Полимер қою сироп консистенциясына жеткенде, оны құрғақ фарфор тигельге ауыстырып, термостатқа салады да, бастапқыда  40—45°С, сосын 50—55°С-қа дейін жоғарылатып кептіреді. Осы температурада сынама бірнеше күн ішінде

 

Қауіпсіздік техникасы

 

1. Студеттер  зертханалық жұмысқа тек  арнайы киіммен жіберіледі.

2. Ыдыстарды хром қоспасымен жуғанда, хром қоспасын алған ыдысқа қайтып жинайды, хром қоспасын раквинаға төгуге болмайды.

3. Заттарды химиялық ыдыста қыздырған кезде келесі бөлімдерді есте сақтау қажет:

1000С–тан жоғары емес температураға дейін қыздыру үшін су моншасын қолданады

1000С–тан жоғары температураға дейін – майлы

2000С–тан жоғары температураа дейін – құмды

4. Ашық отта шыны ыдысты қыздыруға қатаң ТЫЙЫМ салынады

5. Қыздыру кезінде қолмен ыстық ыдысты ұстауға қатаң ТЫЙЫМ салынады

6. Лабораторияда жұмыс істеп болған соң, студент қолып жуып және аузын шаюы  қажет. 

7. Зертханалық ыдыстарды орнына жинап, жұмыс орнын ретке келтіру керек.

 

Әдебиеттер

 

1.Кулезнев В.Н., Шершнев В.А. Химия и физика полимеров.–М.: Вш. Школа,-1988г.-308с.

2.А.А. Тагер Физика-химия полмеров.-М.: Химия,1978г.-522с

3. Тугов И.И. , Кострыкина Г.И. Воробьев Технология полинров .-1989г.-429с.

4.Коршак В.В. Технология пластических масс.-М.: недра -1977г.-205с.

5. Лосев И.П., Федотова О.Я. Практикум по химии высокомолекулярных соединений. М.: Госхимиздат, 1962 . -228 с.